Орналасқан жері | Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы |
Ауданы | 11250 м2 |
Жылы | 2018 |
Өнер орталығының концептісі Нұр-Сұлтан қаласы үшін жобаланған. Бұл тұжырымдаманың өзектілігі бос уақытты өткізудің жаңа бағыттарын әзірлеумен негізделген. Бұл әсіресе Нұр-Сұлтан сияқты ірі мегаполистерде тұратын адамдар үшін қажет. Қысқа уақыт ішінде жаңа астана ұлттық идея мәртебесін алды, жас мемлекеттің тәуелсіздігі мен жаһандық табысының символына айналды сол себепті осы концепт заманға сай және өзекті болып табылады. Мінсіз географиялық орналасуы бұл концепцияны ерекше етеді. Ақ түсті иілген геометрия бір өзенді екіге бөліп тұрған аралға қонған құсқа ұқсайды, ал су ландшафты кешкі уақытта жаңа ғимаратты ерекше әдемі және қызызты етіп көрсетеді. Балғын, ақ пішін жер үстінде қалқып тұратын жеңіл динамикалық құрылым ретінде ойластырылған. Бірінші қабатта үлкен көрме залдары бар, ал жоғарыда терезе тәрізді шатыр ойластырылған. Бұл ішкі бөлмелерді табиғи жарықпен толтыруға барынша мүмкіндік береді. Келесі қабаттарда кеңселер, коворкинг, конференц -залдар мен бақылау палубасы бар, сонымен қатар ғимараттың айналасында әдемі саябақ жобаланған.