Nurgissa Ravil
Бас атқарушы директор Нұрғиса Равиль

Біздің студия Қазақстан мемлекетінде, Алматы қаласында орналасқан. Біз сәулет қызметтерін және интерьер дизайнын ұсынамыз. Біз дизайн үшін соңғы технологияларды қолдана отырып, әр түрлі күрделіліктегі және кез-келген нысандағы жобаларды жобалаймыз. Біздің жобаларымыздың сапасын арттыру үшін BIM технологиясын, параметрлік дизайнға арналған визуалды бағдарламалау және скрипттілеу әдістерін қолданамыз. Бұл тәсілдер қиын пішіндегі батыл идеяларды дұрыс және оңай жүзеге асырудың толық мүмкіншіліктерін береді. Біз әрқашан жаңа жобалар мен жаңа тәжірибелерге қуаныштымыз.


Біздің студияның философиясы.

Жақсы дизайн адамның психикалық денсаулығына әсер ете отырып, физикалық, эмоционалды және рухани жағдайын жақсартатынына сенімдіміз. Біздің мақсатымыз экологиялық таза материалдарды, табиғи жарық пен табиғи инсоляцияны қолдана отырып, адамдар үшін функционалды және жайлы ортаны жобалау болып табылады. Біз тек заманауи дизайнмен жумыс жасаймыз, дизайндағы ұстамдылық пен қатаңдықты ұстанып, функционалды заттарды қолдана отырып, қарапайым әдемілікті жеткізуге тырысамыз. Біздің студиямыздың ең маңызды міндеттерінің бірі, жобалау алдындағы талдау болып табылады. Ол бізге дизайнның жоғарғы деңгейіне жету үшін дұрыс бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз әр жобаны өнер ретінде үлкен жауапкершілікпен қарастыра отырып, сапалы өнім ұсұнуға тырысамыз.


Қызметтер:

  • Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау
  • Жеке тұрғын үйлерді жобалау
  • Сәулеттік интерьерлерді жобалау
  • Күрделі параметрикалық сәулет және конструктивтік пішіндерді жобалау
  • 3Д модельдеу және визуализация.