Жеке тұрғын үй – White line

Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Ауданы

300 м2

Жылы

2016


Біз тұрғын үйді мүмкіндігінше қарапайым және қызықты етіп жобалауды ұнатамыз. Ғимарат ерекше сұлу ландшафтта орналасқан. Негізгі мақсат - табиғи ландшафтқа зиян келтірместен жобаны жобалау. Ғимараттың сырты әр бұрыштан әр түрлі болып көрінеді, сондықтан сіз қайталанбайтын сыртқы көріністі тамашалай аласыз. Ғимараттың сырты мен іші бір түсті, бұл ғимараттың ұстамдылығымен мен бірлігін көрсетеді. Ғимараттың екі жағындағы панорамалық энергияны үнемдейтін терезелер толық ашықтық сезімін тудырады және сыртқы жағынан, әйнек қоршаған ортаны сипаттайды. Бұндай шешім ғимараттың айналасымен үйлесімділігін арттыратын әсерін күшейтеді. Ғимараттың алдынғы жағында кең балкон қарастырылған. Ол таза ауаға шығып, көкжиектің панорамалық көрінісін тамашалауға арналған

Үйдің ішкі интерьері қарапайым. Интерьердегі ақ түс сізге кеңдік сезімін арттыруға және адамды шаршатпауға, тазалықты сезінуге және жайлылықта демалуға мүмкіндік беру үшін ойластырылған.