Жеке тұрғын үй – Eye house

Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Ауданы

300 м2

Жылы

2020


Жоба туралы айтпас бұрын, өзіміз туралы қысқаша айтып кеткім келеді. Кейде біз болашаққа арнап жобалар жобалаймыз. Уақыт өте келе жинақталған шабыттан жаңа идеялар туындайды. Әрине ондай жобалар ерекше болып шығады. Соның бірі “Eye house” концептті. Кішігірім төбенің үстінде тұрған үй, Алматы қаласының әсем пейзажына бағытталған. Бұл бірден ауада қалқып тұрғандай көрінеді. Жалпы алыстан адамның көзіне ұқсайды. Арнайы модульдік үй мұқият ойластырылған және айналасынан еш қиындықсыз ерекшеленеді. Тұжырымдама өте батыл және ерекше. Үйдің сырты табиғатты барлық жағынан көрсетеді. Сыртының жоғарғы бөлігі энергияны үнемдейтін панельдер қарастырылған. Сонымен қатар, үйдің артқы екі жағында, жаңбыр суын жинауға арналған резервуарлар бар, бұл ауыз суды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл концепттің дизайны қарапайым. Барлық жиһаз жасырын және функционалды, бұл сәулеттің жалғасы болып табылады. Шатырдағы үлкен терезе күннің жарығын көп түсуіне мүмкіндік береді, бұл үйде табиғи және органикалық атмосфераны құрады. Төрт адамнан тұратын отбасыға осындай көркем жерде жайлы өмір сүру жағдайлары кеңінен ұсынылады.